Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, "Сырым жастары" ЖҚБ ұйымдастыруымен, "Сырым жауһарлары" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен "Адал жол - честный путь" сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафоны аясында "Жазғы кубок" жайдарман ойыны өткізілді. Ойында облысымыздың төрт ауданынан бес команда бақ сынап ойын нәтижесінде Зеленов ауданынан келген "Белес" белсене қатысып, Ақсай қаласынан келген "Империя" құрамасы көрермен көзайымы атанды. 3 орынды Қазақстан ауылынан "Нартәуекел" иеленсе, 2 орынды Көгеріс ауылынан "Біздің уақыт" ал бас жүлдені Тасқала ауданынан келген "Шипов станциясы" олжалады. Ойын өз деңгейінде өтіп көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.