Елбасының "Болашаққа бағдар– рухани жаңғыру" мақаласының "Туған жер" бағдарламасында көрсетілгендей,2008 жылғы түлектері ауылды көркейту бағытында «Менің жүрегім – Талдыбұлақ» атты жарық диодты тақтаны орнатып берді.Жоба құны 200 мың теңгені құрап,сонымен қатар ағымдағы жылдың маусым айында ауыл жастарының демеушілігімен балалар күніне орай балалар ойын алаңы және «StreetWorkout» салынып, пайдалануға берілді.Жоба құны 500 мың теңгені құрады.