Сырым ауданында ауданның үздік педагогтарының есімдерін аудандық білім беру бөлімі ғимаратының алдындағы «Құрмет тақтасына» шығару жақсы дәстүрге айналды. Кеше жаңартылған «Құрмет тақтасының» таныстырылымы болды.

Биыл «Құрмет тақтасына» Сырым ауданы бойынша жалпы білім беретін орта мектептер мен негізгі мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда, қосымша білім беру ұйымдарында және колледжде еңбек ететін 30 педагогтың суреті мен есімі ілінді. Олар 2017 – 2018 оқу жылында жақсы жетістікке жеткені, сол арқылы ауданның білім беру саласының деңгейін көтеруге атсалысқандары үшін осы құрметке ие болып отыр.

Әріптестерін аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзәгүл Ерғазиева құттықтады.

БауыржанШИРМЕДИНҰЛЫ, 
Сырым ауданы