Аудандық мәдениет үйінің фойесіне ауылдық округтерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған іргелі істер көрме арқылы жерлестер назарына ұсынылып, ауыл әкімдері елде атқарылған жұмыстармен таныстырды. 

Мәдениет үйінің залында елдің жаңаша тынысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдардың көркейіп, гүлдене түскенінің дәлелі ретінде фильм көрсетілді. Форумның пленарлық жұмысы өтіп, оған Асхат Маемиров модератор болды. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Сырым елінде қолға алынған ауқымды істермен таныстырды.

Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамбелясының төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, мемлекеттік қызмет ардагері Есберген Әжібаевтар елге қызмет ету, оның бір кірпіші болып қалану – әр азаматтың арманы екенін айтты. Жарыссөзге шыққан медицина саласының үздігі, медицина саласының ардагері Мақсот Берген Құндыз Нупов деген елжанды азаматтың 1 млн теңге Сырым ауданына демеушілік ететін айтты. Білім саласының ардагері Марат Қадыров елден жырақта, шетелдерде жүрген көптеген сырымдықтардың бар екенін мақтанышпен айтты. Форумның пленарлық отырысының қарары қабылданып, онымен аудандық іщкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев таныстырды. Форумда ауылдық округ әкімдері мен жеке кәсіпкерлер, ауыл азаматтары арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.