Форум «Жомарт жүрек» премиясын табыстау салтанатына ұласты. 

Аудан әкімі Т.Төреғалиев пен аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева ауданның саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына сүбелі үлес қосқан ел азаматтары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстан Театрлар ассоциациясының вице-президенті Асхат Маемиров, КСРО және ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР білім беру саласының үздігі Мақсот Берген, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Махмет Қажиахметов, тарих ғылымдарының профессоры, Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті Дәметкен Сүлейменоваларға «Сырым ауданының құрметті азаматы» атағын табыс етті. 

«Жомарт жүрек» премиясының «Жыл меценаты» аталымы Берік Сүлейменовке, «Туған өлке» аталымы Армат Әлімбетовке, «Жыл тұлғасы» аталымы Махамбет Досалиевке, «Жылдың үздік ұйымы» аталымы «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігіне, «Жүректен–жүрекке» аталымы Ғарифолла Жамбозовқа, «Әлеуметтік саланың дамуына үлес қосқаны үшін» аталымы Әділбек Қайрлиевке, «Жыл қайырымдылығы» аталымы Мейрам Хамидуллинге, «Алтын ұя» аталымы Бақтияровтар әулетіне, «Үздік түлектер» аталымы Қособа ауылының 1992 жылғы түлектеріне табыс етілді. 
Аудан әкімінің арнайы алғыс хаты ауданның дамуына үлес қосып, демеушілік етіп жүрген 17 азаматқа табысталды.