Қарасу мөлтекауданында жаңадан салынған спорт алаңы ашылып, лента қию рәсімін ардагер спортшылар Чапай Иманғалиев пен Асқар Сәукелин жүргізді. Кәсіпкер Мереке Молдағалиев «Қайсар» спорт клубының директоры Бауыржан Ихсановқа түрлі спортқа арналған доптар табыс етті. Жаңа спорт алаңында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА