Жерлестер форумында Сырым ауданынан шығып, еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жатқан білікті мамандар шеберлік сыныптарын көрсетті.

Сырым аудандық орталық ауруханасында аудандық аурухана хирургы Тимур Еспентаев пен анестезиолог Нұрсұлтан Исхожин науқасқа отадан кейінгі жарыққа оперативті ем жасады.

Облыстық көп бейінді аурухана гепатологы Агадилова Дергул Мұхамедқызы науқастарды қабылдап, шеберлік сағаттарын өткізді. 
Облыстық кардиоорталық кардиологы Нугманова Гүлнара Бақтыгерейқызы науқастарды қабылдап, консультативтік көмек көрсетті.
Шынар Молданиязова