Қазақ жастары өнерде бәсекеге қабілетті

Аудандық мәдениет үйінде жерлестеріміз өнер саласы бойынша шеберлік сағаттарын өткізген болатын. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстан Театрлар ассоциациясының вице-президенті Асхат Маемиров шеберлік сағатында ауданның мәдениет қызметкерлеріне театрдың дамуы, Еуропа сахнасына тиесілі «Анна Каренина», «Дядя Ваня», «Ромео-Джульетта» секілді қойылымдар қойылып, актерлердің жаңа қырынан көрінуіне мүмкіндік туғызу қажет екенінайтты. 

Қазақтың қарагөздері әлемдік деңгейдегі драмалардың кейіпкерлерін сомдауға қарым-қабілеті жететініне сендірді. «Қазақтың жастары өнердің эстрада, драма жанрларында бәсекеге қабілетті, олар кез-келген әлемдік фестивальдің есігін қағып кіре алатындай дәрежеде. Ауылдардан талантты жастарды іздеп тауып, сахнаға шығару да – үлкен еңбек. Залдағы көрерменнің жетпіс пайызы жастар болса, онда ол өнердің болашағы зор. Рухын жоғалтқан елдің ертеңі де жоқ. Біздің көкірегімізде Абайдың, Махамбеттің отты өлеңдері сайрап тұруы тиіс»,- деді А.Маемиров.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА