Сырым ауданының құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері :

- Тәуелсіздік алған жылдар ішінде елде көптеген өзгерістер болды. «Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан жаңа» деп, қазақ осындайдан айтса керек. Қазір қоғам да, адам да дамыды. Әлеуметтік жағдайымыз да, әлеуетіміз де көтерілді. Талабымыз, талғамымыз өсті. Еліміз қарышты қадаммен алға басып келеді. Оның бір дәлелі – Сырым ауданында өткен жерлестер форумы. Ешкім міндеттемей, ешкім жүктемей, әркім өзінің түсінік-түйсігімен, қолынан келетін ісімен туған жерге көмегін жасауға ұмтылған азаматтарға шын жүрегіммен ризамын. Жымпитылық азаматтардың елге жасап жатқан жақсылықтары – патриоттық тәрбиенің ең жоғарғы көрінісі. Астанадан, Алматыдан елге келіп, бас қосып, болашақ ұрпақ үшін жағдайды жасауға аянып қалмайтынын көрсетті.