«Жерлестер форумы» шарасы аясында мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Хамзина Аягөз Орынбайқызы «Жаңартылған білім беруде мектепті басқарудың ролі» тақырыбында сөз өрбітіп, онда Германия елінің білім беру саласындағы озық тәжірибесімен таныстырды.

Сондай-ақ, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры Шайхиева Самал Жәдігерқызы «ІТ технологиясының маңызы», облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Дүйсенғалиева Гүлсім Ғабдулғазизқызы «Дарынды баламен жұмыстың тиімділігі», Қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі Рамазанова Айгүл Есенқызы «Әдістемелік жұмыстағы жобалар», облыстық ҰБТ орталығының маманы Ақшиев Шыңғыс Бекжанұлы «ҰБТ-ға оқушыларды дайындау» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөліссе, Зеленов ауданы, Қ.Аманжолов атындағы ЖББОМ директоры Тасанова Роза Төлеуқызы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» педагогтарымен би жанры бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
Орыс тілі мен география педагогтарымен жұмыстанған облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының география пәні мұғалімі Сидарова Айсәуле Бекетқызы мен Орал калалық А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызының жұмыстарынан аудан педагогтары көп нәрсені көкейлеріне түйді.
Самал Шайхиева ІТ сыныбының жұмысын жандандыру үшін жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеппен бірлескен жұмысты ұсынса, Айгүл Рамазанова қалалық әдістемелік кабинеттің «Директор диалогі» жобасын осы ауданға енгізуді ұсынды. Сонымен қатар облыстық білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызының орталықтағы екі мектепке берген құнды кітаптары да табыс етілді.