Бүгін №6 Сарой ауылдық округіне аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Жетікөл, Шағырлой және Көздіқара ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Сарой ауылдық округі бойынша аудандық мәслихатына үміткерлер Е.Байдашев, А.Ғаниев, Р.Тасқалиевтар алдымен өздерінің өмір жолдарын таныстырды.

 Алдымен сөз алған Ернар Байдашев ауылдық округтерге ауыз су тарту жұмыстарын жүргізуге, көшелерді жарықтандыруға сонымен қатар халықты жұмыспен қамту мәселелеріне басты назар аудармақ ниетте болса, Асхат Ғаниевтың сайлауалды бағдарламасында экология мәселесі, шағын және орта бизнесті дамыту, модернизация бағдарламасы бойыншатұрғын үйлерді жөндеу мәселлері бойынша жұмыстанбақ н,иетте екен.Руслан Тасқалиев болса әлеуметтік нысандарды бюджет есебінен жөндеуді іске асыру, халықтың , әсіресе әлеуметтік аз қамтылған бөлігінің мүддесін қорғау, ана мен бала денсаулығын нығайту сынды өзекті мәселелерді шешуді қамтыған бағдарламасымен таныстырып өтті. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын тыңдап болғаннан кейін, ауыл ақсақалдары сұрақтарын қойып, алда сайланатын депутаттан күтер үміттері зор екендігін тілге тиек етті.