А.ж. шілдесінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге арналған «Qamqor» ұялы қосымшасының жетілдірілген нұсқасын іске қосты

Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады.

Кәсіпкер аталған кодты сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актісімен салыстыра алады.

Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алған соң, тексеру басталғанға дейін тексеру барысында қойылатын талаптармен таныса алады.

Тексеру аяқталған соң, кәсіпкер қосымша арқылы көрсетілген бұзушылықтар туралы тексеру қортындысымен таныса алады.

Ұялы қосымшаның алғашқы нұсқасы тек негізгі екі қызметті атқарды. Олар тағайындалған тексеру туралы хабарлау және тексерушінің іс-әрекетіне шағымдану мүмкіндігі.

Жалпы бұл қосымша 2017 жылдың наурызынан бастап қолданысқа енгізілген және аталған кезеңнен бері қолданушы ретінде 27 мың кәсіпкер тіркелді.

Ұялы қосымшаның жаңа үлгісі мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі Комитеті

press@kgp.kz