Арман БЕРДАЛИН, ақын, қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры:

 

- Жемқорлықпен күрес - болашақ үшін күрес. Білім ошақтары тәрбие жұмысына үлкен мән беруі керек. Қылмыс – тәрбиесіздіктен басталады. Парталасының қаламын ұялмай қалтасына салып алатын бала ертең мемлекеттің қазынасына да қымсынбай қол салады. Сырым елінде талай тұлғалардың дүниеге келгенін білеміз. Олардың аты тарихта жемқорлығымен емес, еліне жасаған қамқорлығымен қалды. Бүгінгі азамат, ертеңгі ұрпақ еліне қамқор бола білсе екен!