Аудан орталығында үстіміздегі жылғы наурыз айынан бастау алған ауылшаруашылығы жәрмеңкесі күні бүгінге дейін 33 рет өткізілді. Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Асхат Бисенғалиевтың айтуынша бүгінге дейін аудан орталығындағы базарда ұйымдастырылған жәрмеңкеде халыққа 94,8 тонна өнім түрі ұсынылып немесе 53,2 млн теңгенің өнімі сатылыпты. 


Халыққа қолжетімді бағамен сатылған өнімдердің арасында сиыр етінің килосы 1300 теңге, жылқы етінің килосы 1400 теңге, қой етінің килосы 1200 теңге, сары майдың килосы 2500 теңге, тары, талқанның килосы 600 теңге, қаймақтың литрі 1500 теңгеден саттыққа шығарылды.

Сондай-ақ, жұмыртқа, көкөніс түрлері, тағы басқа өнімдермен бірге қара бидай, арпаның әр қабы 1850 теңгеден, кебек (отруб) қабы 750 теңгеден саттыққа үнемі шығарылуда. 


Аудан орталығында әр сенбіде тұрақты түрде өткізілетін ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне ауылдық округтерден шаруа қожалықтары, серіктестіктер, жекелеген кәсіпкерлер қауымы белсене қатысып жүргендіктерін де айта кеткен ләзім.


МүсірбекӘлібекұлы, 
Жымпиты ауылы