27 қазан күні «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық айлығы», мейірбандық күндеріне арналған ардагерлер арасында асық ату, дартс, дойбы және қол күресінен аудан біріншілігі өтті. Жарыстың ашылу салтанатымен аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Тажмуханов сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа барлығы он командадан 35 ардагер спортшы қатысты, атап айтсақ: Алғабас, Аралтөбе, Бұлдырты, Бұлан, Жетікөл, Жосалы, Жымпиты, Сарой, Талдыбұлақ, Қособа ауылдық округтері қатысты.

Жарыстың қортындысы: Асық ату бойынша І орын Т.Жумагулов, ІІ орын Б.Жәңгірханов, ІІІ орын Ә.Бақтияров, «жеңіске деген жігерлігі үшін» Т.Исмагулов, дартс бойынша І орын Т.Жумагулов, ІІ орын Ж.Атмахов ,ІІІ орын Ә.Бақтияров, «жеңіске деген жігерлігі үшін» Т.Исмагулов, дойбы І орын С.Габдуллин, ІІ орын Н.Чукуров, ІІІ орын А.Суюншалиев, «жеңіске деген жігерлігі үшін» М.Хамитов, қол күресі бойынша 70 кг дейін І орын Т.Жумагулов, ІІ орын Ж.Атмахов, ІІІ орын Қ.Гумаров, «жеңіске деген жігерлігі үшін» Ғ.Гумаров, қол күресі 70 кг жоғары І орын Б.Жәңгірханов, ІІ орын Б.Ермуханов, ІІІ орын С.Матылов «жеңіске деген жігерлігі үшін» А.Орынбасаров иемденді. Жарыс өте қызықты да, тартысты өтті. Жеңімпаздармен жүлдегерлер диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Қайсар» спорт клубының әдіскері Е.Шуканов