Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен аудан көлемінде салық салу базасын кеңейту және бюджет түсімдерін ұлғайту бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.


Жеке сот орындаушы,жергілікті полиция қызметкері және аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының маманымен бірге Жымпиты ауылдық округі бойынша 6 салық төлеушілермен кездесті. Кездесу барысында берешектері бар көлік иелеріне уақытылы төленбеген көлік салықтары үшін өсімпұл есептелетіні және айыппұл салынатыны түсіндірілді.