Елтай ауылдық округінде аудан әкімінің ашық есік күні өтті. Аталған жиын барысында ауыл әкімі Б.Иманқұлов баяндама жасап өтті. Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Молдағалиев "Сыбаға" бағдарламасы бойынша қой өсірушілерге өте аз пайызбен 10 жылға дейін несие берілетіндігін атап өтсе, аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазиева мектептегі жағдай жақсарғандығын, балабақшалар жаңа ойыншықтармен жабдықталғандығын тілге тиек етті. Аудан басшысы Т.Төреғалиев қорытындылап, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар ескерілетіндігін айтты.