Аудан басшысының ашық есік күні Талдыбұлақ ауылы мен Қазақстан елді мекенінде де өтіп, бірқатар сала басшылары тұрғындармен кездесті Ауыл әкімі Ж.Мұхамбетжанов атқарылған іс - шаралар жөнінде баяндама жасады. . Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Иманғалиев халыққа мемлекет тарапынан көрсетіліп жатырған бағдарламалар жөнінде түсінік берсе, білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева "Цифрлы Қазақстан", мектептердегі электорнды тақталар, оқулықтар жөнінде түсіндіріп өтті. Ветеринария бөлімі басшысы А.Каримуллиев бруцеллездің алдын алу, болдырмау шараларын нақтылап түсіндірді. Өз кезегінде аудан әкімі Т.Төреғалиев ауылдық округ бойынша кезекте тұрған мәселелердің шешілу жолы қарастырылатынын атап өтті.