Аудан әкімінің ашық есік күні Бұлдырты және Көгеріс, Қарақұдық елді мекендерінде өтті. Тұрғындармен жиынға аудан басшысы Т.Төреғалиев, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Молдағалиев, ветеринария бөлімінің басшысы А.Каримуллиев, жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Иманғалиев қатысты. Алдымен ауыл әкімі Е.Мақашев 9 ай бойы атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Бөлім басшылары өз салалары бойынша енгізілген өзгерістерге жан - жақты түсінік беріп өтті. Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстардың қаперге алынатынын атап өткен аудан басшысы Т.Төреғалиев аудандағы атқарылып жатырған іс - шаралармен таныстырып, қорытындылады. 

 

Тұрғындармен жиыннан соң аудан әкімі Т.Төреғалиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.