Сырым аудандық мәслихатының №6 Сарой сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына №301 Қосарал, №302 Шағырлыой , №303 Көздіғара сайлау учаскелерінде сайлау өтті. Сырым аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде үш адам сайлауға түсті. Ауыл тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысып,округ бойынша 930 сайлаушы өз таңдауларын жасады. Сайлаудың өту барысын байқаушылар және үміткерлердің сенім білдірген және БАҚ өкілдері бақылады. 


Ауыл тұрғындары халық пен билік арасына дәнекер болар мәслихат депутатын сайлаудың маңыздылығын ұғынып, таңдаулары түскен депутаттың сайлауалды тұжырымдамасын жүзеге асырарына сенімді. Саяси науқанға жергілікті жастар да қарқынды қатысып, ел дамуына үлес қосар үміткердің таңдағанын айтады.
Сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылған үміткер Байдашев Ернар Болатұлы аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.
С.Муса