Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2018 жылғы 1 қарашадағы №16 бұйрығымен Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы міндетіне Нұртілеу Болат тағайындалды. Нұртілеу Жеңісұлы 1995 жылы 27 қыркүйекте БҚО сырым ауданы, Қособа ауылында дүниеге келген. 2011-2015 жылдары Орал газ мұнай және салалық технологиялар колледжін тәмамдаған. 2016-2018 жылдары Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК ән өңдеуші, «Сырым жастары» ЖҚБ төрағасы, «Жас отан» ЖҚ аудандық филиалы төрағасы, 2018 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында әкімгер қызметін атқарып келді.

 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Ересұлы жаңа басшыға сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.