Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу» мәселесі қойылды. Соған сәйкес, латын негізді қазақ әліпбиімен 14 қараша күні жалпыхалықтық диктант жазылды. Шараның мақсаты – жаңа әліпбиді насихаттау, іс жүзінде қолданып, меңгеруге дағдыландыру.

Сырым ауданында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, «Нұр Отанның» мәжіліс залында, жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептерде, аудандық ауруханада, аудандық білім беру бөлімінде, Сырым колледжінде, Өлеңті ауылындағы әлеуметтік орталықта, ауылдық округтерде барлығы 4000-ға тарта адам диктант жазды. Диктант жазылмас бұрын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Салауат Нұрпейісов диктант жазудың шарттарын түсіндірді. 

76 сөзден құралған диктант аудиожазба арқылы үш рет тыңдалды, біріншісі сөйлеммен танысу, екіншісі жазу, үшіншісі қатені тексеру үшін оқылды. 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА