Бүгін «Қазіргі заман қаһармандары» атты республикалық акция аясында Алматы қаласы ішкі істер департаментінің эстрадалық ансамблі концерттік бағдарламасымен Сырым ауданына келді. Айта кетейік,қонақтар құрамында әр аймақтағы тұрғындар мен балалардың өмірін сақтап, республикалық көлемде марапатталған полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері бар. Республикалық акцияның басты мақсаты да ел тыныштығы үшін өз басын қатерге тіккен азаматтардың ерлігін, патриотизмді насихаттау болып табылады. 

Ауданымызға ән сапармен келген қонақтарды аудан басшысы Төлеген Төреғалиев қарсылап алды. Алдымен қонақтар сөз бастаған шешен, қол бастаған көсем батыр Сырым кесенесіне гүл шоқтарын қойып, аудан тарихымен таныс болды. Содан соң қазақы дәстүрмен дәмнен ауыз тиді. Алматы қаласынан арнайы келген ішкі істер департаментінің эстрадалық ансамблініңконцерттік бағдарламасы аудандық мәдениет үйінде өтеді.