30.11.2018

Аудан тұрғындарына пластик қалдықтарды бөлек жинау жөнінде жадынама

 

Пластик оны өндіргеннен бастап зарарсыздандырғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластик өнімдерін шығаратын зауыттар атмосфераға жылына 400 млн.тоннаға дейін көмірқышқыл газын бөледі, күні бүгін жануарлардың шамамен 800 түрі пластикті тұтыну және улану салдарынан құрып кету қаупіне ие деуге болады.   

Пластикалық ластану – су тоғандарының қоқыстануы (антропогендік қалдықтарды көл, өзен, теңіздерге лақтыру), судың бір реттік пластикпен, пластикалық торлармен және т.б. ластануы. Жыл сайын пластиктен өндірілетін бұйымдардың көп бөлігі бір реттік қолдануға арналған, көбіне орау үшін қолданылатын заттар.    

Пластик шамамен екі жүз жыл ыдыратылады (іріп-шіриді). Пластмасс бұйымдар жерге түскеннен кейін ұсақ бөлшектерге бөлініп, қоршаған ортаға химиялық заттар бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің шағын түйіршіктері және оның химикаттары жақын орналасқан су көздеріне сіңе бастайды, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеп соғады.   

Қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) полигондары, үйінділері пластмастың көптеген түрлерімен ұдайы толып жатады. Бұл үйінділерде пластмастың биоқұлдырауын жеделдететін көптеген микроорганизмдер болады.  

Өркениеттің озық игіліктері кейде адамдарға қолайлылық тудырумен қатар, табиғатқа елеулі зиян келтіреді. Соңғы 10 жыл ішінде әлемде пластик өнімдер алдыңғы жүз жылдыққа қарағанда көп өндірілді.

Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аудан тұрғындарын таза қайталама шикізат алу үшін «құрғақ қалдықтарды», одан әрі зарарсыздандыру үшін «дымқыл қалдықтарды» бөлек жинау қағидатын ұстануға шақырады.    

 

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ТАЗА БОЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА!