Мәселен, Тасқұдық ауылының тұрғыны Арғын Жүнісов осы бір мүмкіндікті қалт жібермеді. Іскер азамат шағын несие алып, бүгінде мал шаруашылығына бет бұрып, тындырымды еңбек етіп жүр. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген Абайдың дана сөзін кәсіпкер Арғын жете түсінген.

“Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің ауыл, елді-мекендерді аралау кезінде «Еңбек, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы түсінік алып, жұмыспен қамту орталығына барып бағдарламамен танысып, несие сұрап жолықтым. 2018 жылдың мамыр айында орталықтың жолдамасымен «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқып, сертификат алдым.  Биыл бағдарлама бағыты бойынша жеке шаруашылығымды дамыту үшін берілген 2 млн 500 мың теңге шағын несиеге 9 бас ірі қара малын сатып алдым. Осы жылдың қазан айында Елтай ауылдық округінен шаруа қожалығын ашу үшін 1000,0 га жер телімін алып «Әлдібай» шаруа қожалығын аштым. Алдағы уақытта шаруашылықтың өрісін кеңейтіп, қосымша жұмысшы алу жоспарымда бар” - деп болашаққа жоспарымен бөліскен Арғын ағамыздың ісіне өз тарапымыздан сәттілік тіледік.