Биылғы жыл біздің отбасымызға жақсы жыл болды деп есептеймін.

Оның себебі жыл басталмай аудандық жұмыспен қамту орталығы мамандарының түсіндіруі бойынша 2018 жылдың қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі күшіне енетінің айтып сол көмекті алғанбыз.

Бұрында да осындай атаулы әлеуметтік көмектер болған, алайда әр бір аз қамтылған отбасының жағдайлары жақсармаған, себебі тағайындалған көмекті алып, сол көмекке күн кешкенбіз.

Жаңа көмектің ерекшілігі отбасыдағы жұмыссыз азаматтарға жұмыс тауып беру, кәсіптік оқу сияқты белсенді шараларға басымдылық беріп аталған шараларға тарту болып табылады екен.

Менің отбасымда жолдасым және екі баламызбен тұрамыз. Өзімде жолдасымда жұмыссыз едік. Атаулы әлеуметтік көмекке бірінші рет өтініш бергенде 6 айға 201 132 теңге тағайындалып қаржылай көмек алдық. Оған 8 бас қой сатып алдық. Жұмыспен қамтудің белсенді шараларына келсек, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, артынша Орал қаласына кәсіптік оқуға жұмыспен қамту орталығы жолдама беріп бала тәрбиешінің көмекшісі мамандығын алдым. Оқу ақысын, жолақы, шәкіртақы және пәтерақы толықтай үкімет өз мойына алды. Екінші алты айлыққа атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергенде 339 408 теңге тағайындалды. Осы көмекті тағайындағанда жолдасымды тұрақты жұмысқа балабақшаға сантехник ретінде орналастырды. Өзімді оқу оқыған арқасында ауылдық мектепке қарасты балалар шағын орталыққа мамандығыма сай жұмысқа орналастым. Қаржылай көмекке 2 бас ірі қара сатып алдық және тұрмысымызды жақсартып, еңбек етіп, қорамыздағы малды көбейтеміз деген мақсатымыз бар. Мемлекет тарапынан көрсетілген барлық көмекпен, қолдауды сезініп отырмыз.

 

Жосалы ауылының тұрғыны Жанғалиева Жаңылдық