Сырым ауданында «Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында «Сырым сарбаздары» қоғамдық бірлестігінің Семей,Чернобыль ардагерлерінің жиналысы өтті. 

Аталған жиынға Батыс Қазақстан облысы «Ерекше тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Бектілеуов,қоғамдық бірлестіктің орынбасары С.Артығалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Тайшиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Н.Болат қатысты. Жиын барысында алғаш сөз алған «Ерекше тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Бектілеуов ардагерлерге алынған куәліктерінің мерзімі өтуіне байланысты куәлікті ауыстыру қажеттігін, тальго пойызына ардагерлер үшін билет құны 50 пайыз болғанын түсіндіріп, қала ішіндегі автобустарға тегін жүретіндігін айтып өтті. 2018 жылы аудандағы ардагерлер арасынан Алматы госпиталіне 1 адам, Астана госпиталіне 2 адам, Жаңақала сауықтыру орталығына 12 адам жолдама алып, емделіп келді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Тайшиев Алматы қаласынан келген арнайы төсбелгіні аудандық орталық ауруханасының невропотолог дәрігері Н.Успановаға табыс етсе, «Ерекше тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Бектілеуов Семей полигонының ардагерлері А.Абрдахмановқа, Қ.Нұржановқа, А.Рабаевқа, Т.Құмашовқа қоғамдық бірлестік атынан арнайы Алғыс хатпен, қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары С.Артығалиев Алматы қаласынан келген куәліктерді Ж.Кәкімғалиев пен Қ.Нұржановқа табыс етті. Жиын соңында қоғамдық бірлестік мүшелерінің сұрақтарына жауап беріліп, ерекше тәуекелді солдаттарға жеңілдіктер қай жағынан болса да бар екендігін тілге тиек етті.


САРҒОЗИЕВСЕРІК,
«СЫРЫМ САРБАЗДАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ