Аудандық Нұр Отан ғимаратының мәжіліс залында «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғамдағы діннің орны» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға Тәжиден Батырұлы атындағы қалалық мешіттің бас имамы М:Абдрахманов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Е.Жұмағожиев, аудан жастары мен колледж студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі, дәстүрлі Ханафи мазхабы мен деструктивтік діннің айырмасы, әлеуметтік желі арқылы дін үйрену аса қауіпті екені туралы сөз болды. Жастар қазіргі таңда мектеп қабырғасынан діни білімін жетілдіру керек десе, енді бірі дінді ұстану үшін діни білімі жоғары болу керек екендігін айтып өтті. Дөңгелек үстел соңында сұрақтар қойылып, дәлелді нақты жауаптар берілді.