Патриотизм – форма киген әскери немесе құқық қорғау органы қызметкеріне қатысты дүние емес. Ол туған жеріңді, аққан суыңды, өмір сыйлаған ата-анаң мен оттан ыстық Отаныңды шексіз сүю сезімі. Осы бағытта аудандық " Сырым сарбаздары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Сарғозиев,"Сырым жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Муса,Семей полигонының ардагері М.Тілешов Бұлан және Шағырлыой ауылында болып,ұл балалар мен патриоттық кездесу өткізді. Елімізде жыл сайын дәс­түрлі түрде күзгі және көк­темгі мерзімде әскерге ша­қыру науқаны жүреді. Кездесу барысында әскерге бару мәселесі насихатталып,Семей полигонының ардагері Марат Тілешов өз заманындағы әскери өмірден сыр шертті. Сонымен қатар еліміздегі бірқатар әскери оқу орындары жөнінде де сөз қозғалды. Ауыл әкімдері Т.Құбаев пен А.Жәкиев ауылдағы әскери-спорттық шаралар жөнінде мағлұмат беріп өтті.