Сырым ауданы бойынша биыл 4 бірдей медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті. Қарағанды, Құспанкөл, Жаңаөңір және Жетікөл медициналық пункттерінің күрделі жөндеуі үшін облыстық бюджеттен 52 млн теңге қаражат бөлініпті.

 

Шолақаңқаты ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов жөндеуден өткен Құспанкөл медициналық пунктінде болды.

Бізде қабылдау бөлмесі, дені сау балалар бөлмесі, ем – дом бөлмесі, салауатты өмір салты бөлмесі және 3 кісіге арналған күндізгі стационар жұмыс істейді. Пункт кәріз жүйесіне қосылған. Күрделі жөндеу ғимаратымызға жаңа ажар беріп қана қойған жоқ, қызметімізге де жаңа серпін беруде. Пункттің заманауи мүмкіндіктерге ие бола бастағаны үшін әсіресе тұрғындар қуанышты. – дейді пункттің меңгерушісі Күләш Сәрсекенова.

Аудандық орталық аурухананың директоры Роза Тахамбетованың айтуынша, алдағы уақытта ауылдардағы медициналық нысандардың техникалық жағдайы да жаңартылмақ.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы