Кеше облыстық екі бірдей басылым мен аудандық газеттерді біріктіретін «Жайық Пресс» медиахолдингі жылдық жұмысын қорытындылады. Қорытынды бойынша, медиахолдингтің Сырым аудандық филиалының директоры, «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің редакторы Махмет Қажиахметов «Үздік редактор – 2018» аталымын иеленді. Марапатты ұжымның басшысы Рауан Сәбитов табыс етті.

Өз тілшіміз