Бүгін аудандық мəдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпеисов аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымына мекеменің басшысы етіп Ихсанов Бауыржан Ертілеуұлын таныстырды. Бауыржан Ертілеуұлы бұл қызметке келместен бұрын аудандық "Қайсар" спорт клубының директоры қызметін атқарды. Жаңа басшыны таныстырған Салауат Жолайұлы өз сөз кезегінде Бауыржан Ертілеуұлына сəттілік тілеп, ауданымыздағы спорт мектебінің жандандыруда жаңа серпін беретін бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Жаңа басшы өз сөзінде өзіне артылған сенімді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.