Тәуелсіздік күніне орай облыс орталығында өткен ақ халатты абзал жандардың салтанатты шарасында облыс әкімі Алтай Көлгінов денсаулық сақтау саласында еңбегі сіңген бір топ медицина қызметкерлерін марапаттады.
Өңір басшысы Алтай Сейдірұлы шарадағы құттықтау сөзінде медицина қызметкерлерінің бұл саладағы еселі де жемісті еңбегі жөнінде жылы ілтипатын білдіріп, жемісті еңбек иелерін марапаттады. Яғни, шара кезінде Сырым аудандық орталық ауруханасының дәрігері Майра Құлышева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, аудандық аурухананың бас медбикесі Күләш Айташева облыс әкімі тарапынан алғыс хатпенмарапатталды. 
Бауыржан Ширмединұлы