Бүгін аудандық мəдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпеисов аудандық "Қайсар" спорт клубы ұжымына мекеменің басшысы етіп Мұқанов Ерболат Наурызбайұлын таныстырды. Ерболат Наурызбайұлы бұл қызметке келместен бұрын аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарды. Жаңа басшыны таныстырған Салауат Жолайұлы өз сөз кезегінде Ерболат Наурызбайұлына сəттілік тілеп, ауданымыздағы спорт саласының жаңа белеске көтеру жолында нақты міндеттерді жүктеді. Жаңа басшы өз сөзінде өзіне артылған сенімді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.