Аудандық турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, жұбайы Балжан Мұқанқызы, досы М.Әнесов сөз сөйлеп, ардагер спортшы хақында естеліктерімен бөлісті. Айта кетейік аталған шараға В.Бақтығалиевтің әріптестестері, достары мен шәкірттері де қатысуда. Дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы аудандық турнирге Сырым ауданынан бөлек Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе аудандарынан және Орал қаласынан командалар қатысуда.