Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің маманы Ахат Аралбаевтың айтуынша, ауданның 12 ауылдық округінің орталықтары мен 114 мал қыстақтарында 45804 бас ірі қара, 76995 бас қой мен ешкі, 17730 бас жылқы және 63 бас түйе тұрды.

Аудан бойынша осы мал бастарына 137,4 мың тонна шөп пен 793 тонна жемдік азық қоры дайындалды. Бұған қосымша аудан орталығында жемдік қара бидайдың 1 қапшығы – 2300 тенге, құрама жемнің 1 қапшығы – 2500 тенге, кебектің 1 қапшығы – 1000 тенгеден сатылуда . Ауданымызда күні бүгінге ауылдық округ әкімдерінің берген ақпараттары бойынша 84267 тонна (61,3 %) шөп пен 475 тонна жем қорда бар мұның өзі мал азығы қыстаққа толық жетеді деген сөз.

Қантарда болған бораннан кейін мал қыстақтарына баратын жолдар қардан тазартылып, жол қатынастары қалпына келтірілді. Даладағы қардың қалыңдығы 26 см, тебіндегі жылқылардың жағдайы жақсы. Жеке тұлғалардың жылқылары мен шаруашылық құрылымдары жүдеген жабағы, тай мен байталдарды қолға бағымға алып, қосымша жем-шөппен қамтуда. Жалпы ауданда мал қыстағы бір қалыпты жағдайда өтуде.