Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтің өкімімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығына Ишанғалиева Эльмира Ерболқызы тағайындалды. 

Аудан әкімі жаңа басшыны ұжым алдында таныстырып, өмірбаянын, еңбек жолын атап өтті. 
Эльмира Ишанғалиева 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-н халықаралық құқық мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын «Милена-Сырым» микрокредиттік ұйымы» ЖШС-де заңгер болып бастады. Одан кейін БҚО «НефтеГаз-Дем» ЖЗҚ АҚ ОФ Сырым ауданы бойынша салымшыларды тарту менеджері, «Жаһанша-2020» кредиттік серіктестігінде заңгер, Сырым ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, аудан әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері қызметтерін атқарды. 2019 жылдың 1 ақпанында Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқаруға Эльмира Ерболқызының білімі де, тәжірибесі де жетеді деп сенім білдірді аудан әкімі. Э.Ишанғалиева артылған сенім мен үмітті ақтайтынын білдірді.