Айта кетейік, Елбасымыз Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін былтыр енгізілген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысына ие болған еді. Қаржысына баспақ пен қой алып, күтіп-баптауда. 
– Отбасымызбен мемлекеттен, аудан басшылығынан беріліп жатқан көмектерге ризамыз. Үйімізде көгілдір отынымыз жанып тұр. Жып-жылы. Газды үнемдейміз демейміз. Атаулы әлеуметтік көмек арқылы малды болдық. Бұл көмек жұмыссыз азаматтар үшін өте тиімділігін айтқым келеді. Бүгінде жолдасым да, өзім де тұрақты жұмысқа орналастық. Қазіргі жағдайымыз жақсы,- дейді қособалық Тойдық.