Қази Төлегенов 1967 жылы Қосарал ауылында дүниеге келген. Әскери борышын 1986 – 1988 жылдары Ауғанстанның Герат провинциясында өтеген. Барлаушылар бөлімінде болған Қази Төлегенов қару – жарақ керуенін тоқтату операциясы кезінде жараланып, оған «Ерлігі үшін» медалі берілді. Кейін Ауған халқының бейбітшілігін сақтауға қосқан үлесі үшін «Достық», «Ұрыс әрекеттерінің ардагері» медальдарымен марапатталған. Ардагер бүгінгі Сырым орта мектеп – балабақша кешенінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. 

Сұхбат барысында Қази Төлегенов жастарға өзінің майдан даласында қаза тапқан қарулас достары жайлы естеліктерін, қазақ жігітінің бүгінгі бейнесі жөніндегі ойын айтты. 

Шараны Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат қорытындылады.