Сонымен бірге, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған осындай мерекелік медальдар жауынгер — интернационалист Сәлімгерей Бисенғалиевтің анасы Сәния Молдашеваға, Серікбай Қабекешовтың анасы Ақлима Қабекешоваға, Имашев Серіктің жары Нәсіп Атаулина, Қоныс Әбуғалиевтің жары Райгүл Әбуғалиева және ауған ардагері Дауылбай Көнеевтің ұлы Әділет Көнеевке де табыс етілді.

Жиында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Абат Дүйсембиев, ауған соғысының ардагері Ермек Рахметов құттықтау сөз сөйледі.

Сырым ауданындағы салтанатты шара «Жадымда мәңгі ерлігі» атты мерекелік концертке ұласты. Осы күні аудандық мәдениет үйінде Жымпиты халық театры ауған соғысының ардагері Бекболат Бұзаубақовтың «Сұхбат» атты әңгімесінің желісінде дайындалған қойылымды көрермендер назарына ұсынды.