Тоқтаров Арман Мажитұлы  1982 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген.  Білімі жоғары. Еңбек жолын 2008 жылы «Сырым» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорнының агрономы болып бастаған.  2009-2011 жылдары ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік  кешендегі мелмекеттік инспекция комитеті «Республикалық фитосанитариялық диагносика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ БҚО Сырым аудандық филиалының гербологы, 2011-2014 жылдары Сырым аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, 2014-2015 жылдары Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, 2015-2016 жылдары Сырым аудандық ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2016 жылдың наурызынан  осы кезге дейін Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы қызметтерін абыроймен атқарды.