Жарыстың ашылу салтанатына Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев, "Нұр Отан" партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, ардагер спортшы Ғилаж Қаналиев қатысты. Шағын футболда барлығы 10 команда бақ сынады. Финалдық кездесуде "Сарой" мен "Айбын" командалары тартысты ойын көрсетті. Есеп 3:3 болып, пенальти тебумен "Сарой" жеңіске жетті. Жарыс қорытындысымен "Айбын" екінші орын, "Аурухана" үшінші орынға ие болды. Сырым колледжінің командасы "Нұр Отан" партиясының арнайы сыйлығына ие болды.