Осы жексенбіде 4 ай жуық уақытқа созылған футзалдан Сырым ауданы чемпионатының 2018-2019 жылғы маусымы аяқталды. «Қайсар» спорт клубының директоры Е.Мұқановтың сөзіне сүйенсек, бұл чемпионаттың мақсаты аудан көлемінде шағын футбол ойындарын дамыту, жастар арасында достық қарым – қатынасты нығайту, және айта кетерлігі осы жылғы маусымға көршілес Қаратөбе ауданының құрамасы да қатысты.



Тартысты өткен чемпионатқа 20 – ға жуық әуесқой командалар қатысқан. Сырым ауданы чемпионатында қарсыластарымен 14 ойын өткізіп, 11-де жеңіске жеткен Абай ауылының құрамасы жеңімпаз атанса, жүлделі 2 орынды «Райцентр», жүлделі 3 орынды «Достар» командалары місе тұтты. Бірінші лига бойынша жүлделі 3 орынды Талдыбұлақ ауылының құрамасы, жүлделі 2орынды «Қайсар» командасы, жүлделі 1 орынды Қаратөбе ауданының құрамасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, футзалдан Сырым ауданының кубогы сарапқа салынған ойында «Достар» командасы жүлделі 2 орынды алса, 1 орын мен кубокты Қаратөбе ауданының құрамасы иемденді.

Чемпионат алдағы жылдарда да өз жалғасын табатын болады.