Биылғы жыл мектеп оқушылары үшін сәтті басталды. Олай дейтініміз, Қ.Мырзалиев орта мектебінің шәкірттері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)топ жарып, үздік атанды.

Атап айтсақ, "Адам. Қоғам.Құқық" пәнінен 10-сынып оқушысы Тургалиева Айжан жүлделі 1 орын, 11-сынып оқушысы Закина Альбина жүлделі 2 орындарды иемденсе, 11 - сынып оқушысы Ералиева Малика қатысушы сертификатын алды. Үздік шәкірттердің ұстазы Нугманова Гүлдана "Ең үздік ауыл мұғалімі-2019", Тургалиева Айжан "Ең үздік ауыл оқушысы-2019" номинацияларын қанжығаларына байлады. Айта кетейік, Закина Альбина 2017-2018 оқу жылында Қостанай қаласында өткен Республикалық олимпиадада "Қазақстан тарихы"пәнінен 1 орын алса, биылғы оқу жылында С.Демирел атындағы универсеттің "Құқықтану" мамандығы бойынша олимпиадаға қатысып, 4 жылға тегін оқу грантына ие болып отыр.

Өз кезегімізде жас шәкірттерге білім шыңынан көріне берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.