Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Ж.Жақановтың 2017 жылдың 14 ақпанындағы бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып Гумаров Арман Мұратұлы тағайындалды.
Гумаров Арман Мұратұлы 1985 жылы БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Қ. Мырзалиев атындағы орта мектепті аяқтады;
2002–2006 жылдары аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде;
2009–2011 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінде білім алды. Кейін бірқатар мемлекеттік қызметтерде болды. Осы қызметке дейін БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерді әкімшелендіру бөлімінің басшысы лауазымында атқарды;
2017 жылдың ақпан айының 14 бастап Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы