Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі
бойынша жүргізілген жұмыстардың 2017  жылдың
 ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы 
АҚПАРАТ
Аудан аумағы 1 188 843 гектарды алып жатыр. Солтүстігінде Бөрлі ауданы, шығысында Шынғырлау ауданы, онтүстігінде Қаратөбе ауданы, онтүстік-батысында Ақжайық ауданы және батысында Теректі ауданымен шекаралас жатыр.
Қазіргі уақытта ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйесіне 12 ауылдық округ, 38 елді мекен және  79  қыстақтар кіреді.
Аудан ауылдық округтер аумағы бойынша салыстырсақ, ең үлкен Жымпиты округі –26558 га, ең кіші Елтай ауылдық округі  5106 га алып жатыр.
2016 жылғы 1 қарашадағы жағдайға сәйкес ауданның жер қоры 1 188 843 га құрайды: оның ішінде -
1. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер -1 122 362 га.
2. Елді мекен жерлері – 140 017 га.
3. Өндіріс, жол, байланыс, қорғаныс т.б жері – 1 928 га.
4. Босалқы жерлер көлемі 456 574 га.
5. Су қорының жері – 37 га.
6. Орман қорының жері – 5 103 га.
Жерлердің басым бөлігі ауылшаруашылығы айналымынан шығарылып, босалқы жерлерге ауыстырылған, бүгінгі таңда босалқы жерлер көлемі – 456 574 га, бұл ауданның жалпы жер қорының 38.0 пайызын құрайды, босалқы жерлердің ішінде ауылшаруашылық алқаптар үлесі – 410 527 га.
Ауылшаруашылық алқаптар көлемі 1 122 362 га, оның ішінде егістік – 13 925 га,  тыңайған жерлер – 170 105 га, шабындықтар – 42 847 га, жайылымдар – 895 468 га. көпжылдық өсімдік – 17 га.
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсаны бойынша 27  шаруа қожалығы (ШҚ), 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС), 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (АШӨК) және 1 жеке кәсіпкер (ЖК) құрылып барлығы 25 220 га, соның ішінде 4 500 га егістік, 991 га шабындық, 124 га түбегейлі жақсартылған және 19 531 га жайылымдық жер учаскелері бекітіліп берілді.     
2017 жылдың ІІІ-ші тоқсанының қорытындысымен аудан бойынша 384 ШҚ, 9 ЖШС-гі, 5 АШӨК-і және 1 ЖК-де жер учаскелері тіркелді.
Осы   шаруа қожалықтарына, ЖШС-не, АШӨК-не және 1 жеке кәсіпкеріне барлығы 613 929  гектар,  соның    ішінде  18 588 гектар егістік. 
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсаны бойынша 2 шаруа қожалығы өз жұмысын  тоқтату  жөнінде  өтініш беріп барлығы 9 061 гектар (4 503 га егістік, 4 317 га жайылымдық, 225 га түбегейлі жақсартылған, 16 га басқа жер) жер учаскелерін ауданның босалқы жер қорына қайтарылды. Сонымен бірге 14 496 гектар жер учаскелерін шаруа қожалықтары пайдаланбау себебінен мемлекет меншігіне кейін тапсырды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы берілген жерлерге
түгендеу жұмыстары туралы мәлімет.

Ағымдағы жылы жер қатынастары бөлімімен жүргізілген ауылшаруашылығы құрылымдарының жер учаскелеріне түгендеу жүргізді.
Анықталғаны нысаналы мақсатына сай пайдаланбай яғни егістік жерлеріне егіс екпегені барлығы 53 ауыл шаруашылығы құрылымдары (АШҚ), соның ішінде жер көлемі 36 726 гектар. Осы АШҚ-ң 1-і барлығы 348 га жер учаскелерін кейін тапсырды. Сонымен бірге, мақсатына сай пайдаланбай яғни жайылымдық жерлеріне мал бастарын өз пайдалануындағы жерлеріне сәйкес тіркетпей барлығы 27 шаруа қожалығы, соның ішінде 54974 гектар. Бүгінгі күні осы шаруа құрылымдарына ескерту қағазы берілді. 
Батыс Қазақстан облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысы С.Нұрғалиевке «Тінәлі» ЖШС-гінің 1 765 гектар, «Қарақұдық» шаруа қожалығының 7 451,5 гектар жер учаскелерін Заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар алу үшін хат жолданды. Бүгінгі күнге Сырым ауданы бойынша Кірістер басқармасы осы аталған 2 ауыл шаруашылығы құрылымына жер салығының 10 есеге дейін өсіру жөнінде ескерту парағын берді. Сонымен бірге № 3 қосымшадағы кестеде шаруа құрылымдарына (5 шаруа қожалығы) Заң талаптарына сәйкес тиісті шара алу үшін ағымдағы жылдың сәуір айының 27 күні шығыс № 357 санды қатынас хат жолданды.
Осы жылдың 7, 8 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысының ауданаралық экономикалық сотына аудан бойынша жалға алу келісім шарттарының талаптарын орындамағаны үшін /мақсатына сай пайдаланбағандықтан/ жер учаскелерін қайтаруға барлығы 5 ауыл шаруашылығы құрылымын, соның ішінде «Өркен» шаруа қожалығының (басшысы Г.Х.Харесов) жалпы алаңы 2 207.0 гектар /492.0 гектар егістік, 1 712.0 гектар жайылымдық/, «Орал» шаруа қожалығының (басшысы С.К.Мусаханов) жалпы алаңы 14 318.0 гектар егістік, «Oral Meat» ЖШС-гінің (директоры С.К.Мусаханов) жалпы алаңы 850.0 гектар суармалы егістік және «Нұр-Сана» шаруа қожалығының (басшысы Г.А.Белхайрова) жалпы алаңы 1000.0 гектар /320.0 гектар түбегейлі жақсартылған, 680.0 гектар жайылымдық/ жер учаскелеріне талап арыз берілді.
Жоғарыда аталған бірінші үш ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша сот отырыстары өтті. «Өркен» шаруа қожалығы бойынша талап арыз қанағаттандырылмады және «Орал» шаруа қожалығымен «Oral Meat» ЖШС-нің талап арыз бойынша азаматтық істері тоқтатылды. «Нұр сана» шаруа қожалығының талап арызы қанағаттандырылмады.
Түгендеу қорытындысымен жер учаскелерін өз мақсатында пайдаланбай немесе жерлерін заңнаманы бұза отырып пайдаланған жер иелері мен жер пайдаланушыларға жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті шаралар жүргізіліп келеді.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін Жымпиты ауылы , «Қарасу» мөлтек ауданынан жер учаскелері беріліп, бүгінгі күні жер учаскелерін сұраған тұлғаларға 103 жер учаскелеріне құжаттары жасақталынуда. 2017 жылдың ІІІ жартыжылдығына жеке тұрғын үй құрылысы үшін 33 тұлғаға жер учаскесі бекітіліп берілді. Бұлдырты ауылынан жеке тұрғын үй құрылысында тұрған азаматтарға жер учаскелері алдағы уақытта беріледі.
Ағымдағы жылдың 14 наурызында бекітілген Сырым ауданы әкімінің  «Аудан көлемінде 2017 – 2019 жылдары жер учаскелерінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жерлеріне тексеріс (ревизия) жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» № 11 өкіміне сәйкес, осы аталған жұмыстар ауданда жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 41-р «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы  Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкімін орындау мақсатында, атап айтқанда өкім бойынша тізбенің 7- тармағы негізінде Сырым ауданы әкімдігінің 15.09.2017 жылғы № 269 санды «Сырым ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» қаулысы бекітілді.
Өкімнің 6-тармағына сәйкес аудан әкімінің ағымдағы жылдың 14 тамыздағы № 01-3/1016 санды хатымен аудандық мәслихатқа Сырым ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарының жобасын бекіту туралы хат жолданды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қазан айының 9 жұлдызында № ХІХ-ІІІ кезектен тыс мәслихат сессиясында «Сырым ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешім қабылданды.
2017 жылдың ІІІ тоқсанында барлығы 184 мемлекеттік қызмет, соның ішінде 28 қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаселеріне құқықтарды алу» стандартына, 132 қызмет «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» стандартына, 19 қызмет «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» стандартына, 3 қызмет «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» стандартына және 2 қызмет «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» стандартына  көрсетілген.
2017 жылдың ІІІ тоқсанында жеке тұлғалардан 31 өтініш тіркелді, оның 5-уі жеке қабылдау, 1-уі аудан әкімі аппаратынан келіп түскен жеке қабылдау кәртішкесі, заңды тұлғадан өтініш түспеген. Жеке қабылдау бойынша тұлғаларға өз өтініштері бойынша толық түсінік берілді. Өтініштердің 14-і аудандық заңды және жеке тұлғаларға жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысында қаралып, толығымен қанағаттандырылды. Қалған 12 өтініш заң талаптарына сәйкес қаралып, уақытылы жауаптар берілді.
Аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 2017 жылғы 7 наурызында № 10 санында «Жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері» атты мақала жарияланған.
2017 жылы әр ауылдық округ бойынша жасақталған шаруашылық карталары бойынша, жер телімдерін алу (беру) жөнінде азаматтарға бос жерлер жөнінде түсініктер берілген.     
«Жерді жаппай басып алуды тоқтатайық» жобасының 2.8 тармағына сәйкес жерді заңсыз басып алу фактілерін алдын-алу үшін аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы халыққа 10 дана кітапшалар таратылған.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы ақпарат

 

Жер реформасы бойынша Комиссияның жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарын заңнамалық реттеу мақсатында, Жер кодексіне келесі нормалар қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады:
1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;
2.  Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;
3. Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;
4. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау.
Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.
Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады.
Конкурстың жеңімпазын анықтайтын конкурстық комиссияның құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерінің жалпы санының  50 % астамын құрайды.
Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын,келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде – әр 5 жылда.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін  «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және  әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.
Бұдан басқа, Заң жобасымен Мемлекеттік шекараның  шекара белдеуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптарын күшейту қарастырылған, онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады.
Ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеу проблемасын шешу үшін заң жобасымен елді мекендер маңында тұрғындардың жеке малдарын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың көлемдері анықталатын болады.
Бұдан басқа, заң жобасымен жер комиссисының статусын анықтау, жер учаскесінің бөлінуі, елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру және т.б. мәселелерді қамтитын Жер кодексінің нормаларын жетілдіру қарастырылады.
Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға жол ашатын болады.


                                                                                                                                       «БЕКІТЕМІН»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
_____________ М.Л.Тоқжанов
«___» ____________ 2017 жыл

Жер реформасы мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарының 2017 жылға арналған облыстық
жоспары

Р/с

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1

ҚР Электрондық Үкіметінің E-gov, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің сайттарында Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі бөлім орналастыру

сайттардың бөлімдері

2017 жылғы
қаңтар

БҚО әкімдігі,
Орал қаласы және аудан әкімдіктері

4

Өңірлерде (оның ішінде қалаларда және аудандарда) жергілікті атқарушы органдардың осы мәселе бойынша құзыретті, мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін сөйлейтін сарапшыларының, қызметкерлерінің қатарынан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі  топ қалыптастыру

тізім

2017 жылғы
5 қаңтарға дейін

БҚО ішкі саясат басқармасы,
БҚО жер қатынастары басқармасы,
БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын басқару басқармасы

5

Қалыптастырылған топтардың мүшелеріне Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша үйрететін тренинг және нұсқама жүргізу

тренинг және нұсқама

2017 жылғы
15 қаңтарға дейін

БҚО жер қатынастары басқармасы,
БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын басқару басқармасы

6

Түсіндіру іс-шараларының қорытындылары бойынша мониторинг, статистика және талдауды қамтамасыз ету

мониторинг және талдау

жартыжылдық қорытындылары бойынша

БҚО жер қатынастары басқармасы,
БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын басқару басқармасы,
БҚО ішкі саясат басқармасы

8

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру жөнінде ӨКҚ-ның брифингтерінде сөз сөйлеу кестесін және тематикасын қалыптастыру

сөз сөйлеулер кестесі

2017 жылғы 5 қаңтарға дейін, одан әрі – тоқсан сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне қарай)

БҚО ішкі саясат басқармасы,
БҚО жер қатынастары басқармасы,
БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын басқару басқармасы

9

ӨКҚ-да брифингтер өткізу

брифингтер

тоқсан сайын (есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне қарай)

БҚО ішкі саясат басқармасы,
БҚО жер қатынастары басқармасы,
БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын басқару басқармасы

10

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі видео-, аудиороликтер дайындауды және оларды өңірлік телеарналардың эфирінде, радиода,  әлеуметтік мекемелерде, денсаулық сақтау объектілерде, банктерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастыруды қамтамасыз ету

роликтерді ротациялау

2017 жылғы
20 қаңтарға дейін

БҚО жер қатынастары басқармасы,
БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын басқару басқармасы,
БҚО ішкі саясат басқармасы,
БҚО денсаулық сақтау басқармасы,
БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,
БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

11

Бағдарламааралық өрнек суреттер, үзінділер инфографикалар және телеграфикалар   дайындауды және оларды облыстық телеарналарда және баспа басылымдарда орналастыруды қамтамасыз ету

бағдарламааралық өрнек суреттер, инфографикалар, телеграфикалар

2017 жылғы
20 қаңтарға дейін

БҚО жер қатынастары басқармасы,
БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын басқару басқармасы,
БҚО ішкі саясат басқармасы