Медицина қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара мен "Қазақ соқырлар қоғамы" Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының "Мейірімділік жолымен" атты жобасы аясындағы "Жүректен жүрекке" атты концерті өтті. 

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев алғы сөз сөйлеп:

– Қазақта "бірінші байлық –денсаулық" деген сөз бар. Басты байлығымызды сақтауда дәрігерлер қауымының еңбегі ұшан-теңіз. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, демеу болатын сіздерсіздер. Біздің ауданда қызмет еткен дәрігерлер бүгінде облыс, республика деңгейінде тәжірибесімен бөлісіп жүрген білікті маман атануы біз үшін мақтаныш. Өткен жылы 4 елді мекен күрделі жөндеуден өтсе, биыл 2 елді мекенге жаңадан жедел жәрдем көлігі тапсырылғалы отыр,- дей келе, ақжарма тілектерін жеткізді. 

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан медицина қызметкерлерін Сырым ауданы әкімінің және "Nur Otan" партиясының Сырым аудандық филиалының алғысхатымен марапаттады. Олардың ішінде Бибігүл Идиятова, Миргүл Сарғозиева, Бибінұр Оразаева, Айнұр Сариева, Ләззат Мұқанова бар. 

Сырым аудандық ауруханасының директоры Роза Тахамбетова әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, ауданда медицина саласында 350 адам еңбек етсе, олардың ішінде 28-і дәрігер, 188-і орта буынды медицина қызметкерлері екенін атап, жаңадан флюорограф, рентген, ИВЛ, басқа да аппараттар алынғанын, Қособа ауылында медицина қызметкерлері күніне орай "Медицина қызметкерлеріне арналған Құрмет тақтасы" ашылғанын айтты. Роза Құттықожақызы Асхат Дүйсенғалиев, Сәбит Жонысов, Дария Мүтиева, Гүлмира Төлеуғазиева, Ержан Нуфтиев, Арман Нахуов, Жаңылғаным Ғатауова, Бибігүл Мұқанова, Сәбила Өтепова, Гүлбақша Мақсотқызын марапаттады. 
Сырым аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Мұқанова сала мамандары – Гүлбану Мәулетова, Бибінұр Мұхамбетжанова, Әлия Хамидуллинаға алғысхат табыстады. 

"Ұлттық сараптама орталығының" БҚО бойынша филиалы Сырым аудандық бөлімшесінің басшысы Серік Жақсылықов мерекеге орай Қамария Молдашева, Айгүл Гумарова, Мәдина Фазылова, Бағдагүл Ерғалиева, Нұрғайша Жұмағожиеваларды марапаттады. 

Жымпиты обаға қарсы күрес бөлімшесінің басшысы Гүлжанат Усманова әріптестері Бейбіт Өтепқалиев, Әнуар Шагиев, Азамат Изимовтарға алғыс хат табыс етті. 

Шара әрі қарай "Мейірімділік жолымен" жобасы аясындағы "Жүректен жүрекке" концертімен сабақтасты. "Қазақ соқырлар қоғамы" бірлестігінің көркемөнерпаздар мүшелері, құрылғанына 50 жыл толған зағиптар және нашар көретіндердің облыстық кітапхана оқырмандары өнерімен тәнті етті. 
Концерттен соң, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев БҚО зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың директоры Қарагөз Боранбаева мен "Қазақ соқырлар қоғамы" бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы міндетін атқарушы Ибатолла Хамзинге ризашылығын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Аудан әкімі Т. Төреғалиевке И. Хамзиннің алғыс хаты тапсырылды. Төлеген Серікқалиұлы жоба үшін арнайы жасалған жүректің макетіне өз қолымен тілегін жазып қалдырды.

Шара Камалидден Айтбаевтың орындауындағы "Атамекен" әнімен аяқталды. 

 

View the embedded image gallery online at:
https://syrym-bko.gov.kz/kz/02583#sigFreeId3b2e398644

  • "АШЫҚ ӘКІМДІК" ӨТЕДІ

    13.09.2019 "Добавить комментарий

     

     

     

    Толығырақ  
  • Президент жолдауына байланысты актив отырысы 12.09.2019 ж

    12.09.2019 "Добавить комментарий

    ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы бүгін Сырым ауданының активінде талқыланды. Актив жиналысына Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, облыс әкімінің

    ... Толығырақ  
  • Президенттік жастар кадр резерві

    05.09.2019 "Добавить комментарий

    Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен басталды. Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды.

    Толығырақ  
  • Сырым ауданында "Жайық Пресс" медихолдингінің жанынан құрылған "Бас редакторлар клубының" lV көшпелі мәжілісі өтті.

    23.08.2019 "Добавить комментарий

    Жиынға: 

    Толығырақ  
  • «СЫРЫМ ЖАСТАРЫНЫҢ» 15 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНУДА

    16.08.2019 "Добавить комментарий

    16.08.19ж

    Бүгін Сырым ауданында «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 15 жыл толуына орай ауқымды шара өтуде.

    Толығырақ  
  • Латын керуені

    13.08.2019 "Добавить комментарий

    13.08.19ж

    Латын әліпбиіне көшу жұмыстары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан бастау алып, 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығы негізінде

    ... Толығырақ  
  • ТАЙЛАҚ МӘМЕТАЙҰЛЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

    10.08.2019 "Добавить комментарий

    10.08.19ж

    Бүгін Сырым ауданында «Батырлар тарихының сабақтастығы немесе Тайлақ хақында» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, белгілі тарихшы –

    ... Толығырақ  
  • ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРЫМДА

    10.08.2019 "Добавить комментарий

    10.08.19ж

    Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Сырым ауданына іссапармен келді. Облыс әкімінің орынбасары Сырым аудандық полиция бөлімінің аудан орталығы көшелеріне орнатқан бейнекамералардың жұмыс жасау жүйесімен

    ... Толығырақ  
  • «ШІДЕРТІ НАНЫ» НАУБАЙХАНАСЫ АШЫЛДЫ

    06.08.2019 "Добавить комментарий

        06.08.2019

    Бүгін Сырым ауданына қарасты Бұлан ауылында наубайхана ашылды. Бұл - жастар корпусын дамытуға бағытталған «JAS PROJECT » жобасының жемісі.

    Толығырақ  
  • ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

    07.07.2019 "Добавить комментарий

    Сырым ауданында Астана күні мерекесіне арналған көпшілік велошеру өтті. Велошеруді "Қайсар" спорт клубы, Сырым аудандық жастар мен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастырды. Шеруге аудан əкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.

    Толығырақ  
  • СЫРЫМНАН – АРЫСҚА

    01.07.2019 "Добавить комментарий

    Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс болып, өңірде төтенше жағдай жарияланған болатын.

    Толығырақ  
  • «ЖАЙЫҚПЕН ЖАНЫ ЕГІЗ АҚҰШТАП!»

    27.06.2019 "Добавить комментарий

    Сейсенбі күні аудандық мәдениет үйінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені және «Алаш» әдеби сыйлығының және Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылары Одағы Батыс Қазақстан облысы бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгерееваның халықпен кездесу кеші

    ... Толығырақ  
  • АУДАН ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

    27.06.2019 "Добавить комментарий

    Президенттің тапсырмасымен Үкімет «28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күні» деп бекітті. Бүгін аудан әкімі Төлеген Төреғалиев кәсіби мерекелеріне орай «Сырым елі» газетінің ұжымы мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ақпараттық

    ... Толығырақ  
  • КӨГЕРІСТЕГІ ҚОНЫСТОЙ!

    26.06.2019 "Добавить комментарий

    «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің мамыр айындағы №21 санында «Медпунктті мекендеген жанұя» атты мақала жарық көрді. Мақалада Көгеріс ауылындағы медициналық пункттің бір бөлмесінде тұрып жатқан үш бала мен олардың анасының қиын тұрмысы баяндалғаны, газеттің сол

    ... Толығырақ