2014 жылы БҚО Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылының бас жоспарымен бірге нақты жайғастыру жоспары (Әрі қарай НЖЖ) дайындалып, 2014 жылы аудандық маслихатымен бекітілді. НЖЖ бойынша 894 жер учаскесі сонымен қатар әлеуметтік сала нысандары қаралған. 2017 жылы Жымпиты ауылының 20,0 га жер учаскесіне комерциялық бағыттағы жеріне НЖЖ дайындалып отыр.
2015 жылдан бастап комерциалық бағыттағы 11 учаскесіне түпкілікті жер телімін таңдау актісі берілді, 2016 жылы 34 жер учаскесі, ал 2017 жылы 18 жер учаскесіне таңдау актілері жасақталған.