«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңынан
ҮЗІНДІ

4-бап. Жалпыға бірдей сайлау құқығы

3. Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесі мен өкілеттіктерінің мерзімі

  1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
  2. Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
  3. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
  4. аумақтық сайлау комиссиялары;
  5. округтік сайлау комиссиялары;
  6. учаскелік сайлау комиссиялары.

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталады және өкілеттік мерзімінің бітуіне кемінде үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.