29.08.2017

Тегі, аты, әкесінің аты

Бос лауазым

Санаты

Әңгімелесу уақыты

1

Исанов
Ерболат Рыскалиевич

Сырым ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас инспекторы

Е-3

04.09.2017
Сағ 9:00

2

Кыдыралин Салимжан Бекниязович

Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары

E-G-1

04.09.2017
Сағ 9:30

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман есепшісі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдары бойынша конкурстық комиссия шешімімен қатысушылардың болмауына байланысты конкурс өтпеді деп танылды.


Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

            «E-3 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 102 423 (min) теңгеден 138 247 (max) теңгеге дейін

  • Сырым ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымына (E-3 санаты лауазым индексі №1-2-1)

 

Функционалдық міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің жүргізіп отырған саясатының, ауданда іске асырылуын қадағалау;
  • «Lotus Notes» бағдарламасы бойынша келіп түскен қызметтік құжаттарды, хаттарды құжаттама айналымын талдау;
  • аудан әкімі аппаратында іс-қағаздардың жүргізілуін қадағалау;
  • бақылау мониторингін жүргізу;
  • бақылауда тұрған құжаттардың уақытылы орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру;
  • аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентінің сақталуын, аудан әкімі аппаратында іс қағаздардың уақтылы таратылуын қамтамасыз ету;
  • бөлім қызметкерлеріне жалпы басшылық жасау;
  • аудан әкімі аппаратын материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету;
  • аудандағы төтенше жағдайлардың және азаматтық қорғаныс жөніндегі мәселелерді үйлестіру;
  • аудан әкімі аппаратында азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру;
  • аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құпия құжаттарымен жұмыс жүргізу, олардың орындалуын, тіркелуін және уақытында жөнелтілуін қадағалау;
  • жұмылдыру жұмыстарын үйлестіру;
  •  «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен жұмыс жүргізу, олардың орындалуын, тіркелуін және уақытында жөнелтілуін қадағалау;
  •  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің тіркелуін және мерзімінде жауап берілуін қадағалау;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің есебін (тоқсандық, жартыжылдық, жылдық), жүргізу;

аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап жобасын дайындау.

  • Сырым ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас инспекторы лауазымына (E-3 санаты лауазым индексі №1-2-3)

 

Функционалдық міндеттері:

  • аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құпия құжаттарымен жұмыс жүргізу, олардың орындалуын, тіркелуін және уақытында жөнелтілуін қадағалау;
  • жұмылдыру жұмыстарын үйлестіру;
  •  «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен жұмыс жүргізу, олардың орындалуын, тіркелуін және уақытында жөнелтілуін қадағалау;
  • аудан әкімдігі жанындағы террорирзмге қарсы комиссияның және комиссия жанындағы жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру;

аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап жобасын дайындау;

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан-205»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функионалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

            «E-R-1 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142 412 (min) теңгеден 192 381 (max) теңгеге дейін

  • Сырым аудандық сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына (E-R-1 санаты лауазым индексі №15-0-1)

 
Функционалдық міндеттері:

  • аудан аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу;
  • өз құзыреті шегінде құрылыс объектілерімен жолдарды салуға арналған бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;
  • құрылыс процестерін технологиялық жағынан сүйемелдеуді қоса отырып, аудан аумағында қала құрылысын салуды игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнамалардың, мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
  • бекітілген мерзім ішінде барлық қажетті құжаттамамен шарттар бойынша банктік операцияларды рәсімдеуді;
  • жобалау ұйымдары мен бас мердігерлермен шарттар жасауды шарт міндеттерінің орындалуын қадағалауды;
  • мемлекеттік қала құрылысы кадастарын аудандық деңгейде енгізу;
  • ұзақ мерзімді, орта мерзімді жобалар мен күрделі құрылыс пен қайта құрылымдаудың ағымдағы жоспарларын дайындауды;
  • құрылыс және қайта құрылымдау жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді, жобалау-сметалық  құжаттаманы уақтылы береді,құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына олардың бекітілген жобалау сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкестігіне техникалық қадағалау жасайды;
  • аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
  • аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
  • салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
  • Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша «Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
  • Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»;
  • аудан аумағында мемлекеттік сәулет, қала    құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу;
  • ауданның жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын «Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымы бойынша ауданның бас сәулетші болып табылады;
  • аудандағы елді мекендердің бас жоспарын, тәптіштелген жоспарлау жобаларын (ТЖЖ) және тораптарын дайындау үшін бастапқы деректемелерді әзірлеуге қатысады, бөлімге тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құқығы берілген жағдайда аумақтардың инженерлік жабдықтау жобаларын және ТЖЖ-ны дайындау бойынша тапсырысшы болу;
  • ескі және аз қабатты тұрғын үйді бұзудың тиісті бағдарламаларын дайындауға және оларды жоғары тұрған мемлекеттік қала құрылысы қызметін реттеу органдарына келісуге және бекітуге қатысу;
  • ауданның бас жоспарын жүзеге асыруына және оның дамуына дайындалған тұрғын үй, өндірістік аудандары мен сәулет жоспарлау жобаларына негізгі жауапты болу;
  • аудан аумағында қаржыландыру көздеріне қарамастан тұрғын үй, коммуналдық меншік және т.б. құрылыстары бойынша индикативті жоспарлар дайындауға қатысу.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Өнер саласының сәулетші мамандығы, техникалық ғылымдар және технология саласының мамандықтары.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан-205»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

«E-G-1 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 122 425 (min) теңгеден 148 242 (max) теңгеге дейін

  • Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына (E-G-1 санаты лауазым индексі №13-0-2)

 

Функционалдық міндеттері:
- ауылдық округі әкімі аппаратында алынатын шешімдердің  жобаларын дайындауға ҚР заңдарына және Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының регламенттеріне сәйкес қажетті құжаттарды толық ұсынуға;
- ауылдық округі әкімі болмаған жағдайда міндетін атқарады;
- округ әкімі аппараты қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру;
- ауылдық округ әкіміне келіп түскен, әкімнің қабылдауында болған, жеке және  заңды тұлғалардан түскен, арыз – шағым, өтініштерді қарап және жауап беруге;
- қызмет бабында пайдаланатын құжаттармен жұмыстану, қадағалау;
- ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын әзірлейді;
- сайлаушылардың есебін жүргізу;
- ауылдық санитарлық тазалығын ұйымдастыру, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргізу, қадағалау, көше жарықтарының жұмысын қадағалау;
- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мәселелермен айналысады;
- туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
- ауылдық округ бойынша сараптамалар жасайды, хабарламалар, анықтамалар, есептер дайындайды;
- аудан әкімдігінің сайтына мәлімет ұсынады;
- округ көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан-205»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функионалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Нысан бойынша жазылған өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені__________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.